Орнату
React басынан бастап біртіндеп бейімделуді ескере отырып құрастырылған. Өз қажетінше cіз тек қажет React функциясын ғана пайдалана аласыз. Бұл бөлімдегі ақпарат React-пен алғаш танысқанда да, қарапайым динамикалық HTML бетін жасағанда немесе күрделі React қосымшасын жобалау кезінде де пайдалы.
In this chapter
React-тi қолданып көрy
React-тi қолданып көру үшін ештеңе орнатудың қажеті жоқ. Құмжәшігте кодты өңдеңіз!
function Greeting({ name }) { return <h1>Hello, {name}</h1>; } export default function App() { return <Greeting name="world" /> }
Дәл осы жерде код жазуға немесе жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Fork» түймесін басу арқылы кодты жаңа табта ашуға болады.
Мұндай құмжәшіктер React құжаттамасының беттерінің көпшілігінде қолжетімді. React құжаттамасынан басқа, React-ті қолдайтын көптеген онлайн құмжәшіктері бар: мысалы, CodeSandbox, StackBlitz, немесе CodePen.
Локальде React-тi қолданып көріңіз
Локальде компьютерінізде React-пен жұмыс жасап көру үшін осы HTML бетін жүктеп алыңыз. Оны редакторда және браузерде ашыңыз!
Жаңа React жобасын бастаңыз
Егер сіз React көмегімен қосымшаны немесе веб-сайтты толығымен құрғыныз келсе, жаңа React жобасын бастаңыз.
Бар жобаға React-тi қосыңыз
Егер бұрыннан бар қосымшада немесе веб-сайтта React қолданып көргіңіз келсе, бар жобаға React-ті қосыңыз.
Келесі қадамдар
Күнделікті кездесетін ең маңызды ұғымдармен танысу үшін Жылдам бастау бөліміне өтіңіз.